🥋ҚЫРАНДАЙ ҚАНАТ ҚАҚҚАН ЖЕҢІСТЕР: АЙКҮМІС ПЕН ЕРКЕНАЗДЫҢ ТАЭКВОНДОДАН ШЫҢҒА ШЫҚҚАН СӘТТЕРІ!✨💫
Айкүміс Жарылқасымова 25 қаңтарда Таразда өткен Қазақстан таеквондо федерациясының (WT) тұңғыш президенті Бексейіт Түлкиевті еске алуға арналған ашық республикалық турнирде 3-орынға ие болды! 🥉 Спорт шеберлігіне кандидат, таэквондомен 3-сыныптан бастап айналысып келе жатқан Айкүмісті тағы да жеңісімен құттықтаймыз! 👏
Ал Еркеназ Анапияқызы желтоқсан айында Байқоңырда өткен атақты таэквандошы Олег Ташимовты еске алуға арналған облыстық ашық турнирде 1-орын алып, облыс чемпионы атанды! 🥇 Еркеназдың да жеңісі біз үшін үлкен мақтаныш! 🎊
Жеңістері мен жетістіктері мол болсын! 💪
