📚 БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН КӘСІБИ ҚОЛДАУ ТРЕНИНГІ ЖӘНЕ ІС-ТӘЖІРБИЕМЕН БӨЛІСУ📚
Жайлы мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған кәсіби қолдау тренингі өтті. Тренингтің басты мақсаты – мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Бастауыш сынып мұғалімі Ж. Әлибаева әріптестерімен өзінің іс-тәжірибесінде қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, олардың оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудағы рөлі туралы айтты. Сонымен қатар, оқу-ісі орынбасары Ж. Есқабылова PIRLS-2026 халықаралық зерттеуінің тұжырымдамасын таныстырып, оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру жолдары талқыланды.
Ұлттық білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, заманауи технологияларды меңгерген, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Осы орайда, мұғалімдердің тәжірибе алмасуы мен кәсіби дамуы – сапалы білім берудің кепілі.
📌 Ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, тиімді әдістерді бірге меңгерейік!
#КәсібиҚолдау
#ЦифрлықҚұзыреттілік
#ҰлттықҚұндылық
#ТиімдіӘдістер
#PIRLS2026
#ЖайлыМектеп
#ОқуғаҚұштарМектеп
