📚✨ “БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ” кітап көрмесі 🌿 ✨📚
Жайлы мектебімізде кітапханашылардың ұйымдастыруымен “Балалар әдебиетінің бәйтерегі” атты кітап көрмесі өтті. Көрме аясында оқушылар қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылығымен танысты.
📖 Сонымен қатар, “С.Бегалин туралы тың деректер” айдары арқылы оқушылар жазушының шығармашылық жолы мен еңбектерінің құндылығын тереңірек ұғына алды.
✨ Балалар әдебиетінің асыл мұрасын насихаттау – өскелең ұрпақтың рухани дамуына үлкен үлес!
#БалаларӘдебиеті #СапарғалиБегалин #КітапКөрмесі #ЖайлыМектеп #ОқуМәдениеті
