Skip to content

🏫 ✨ ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕ “SAMRUK-KAZYNA CONSTRUCTION” ҰЖЫМЫ ҚОНАҚТА. 🎼Музыка, эмоция,…

🏫 ✨ ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕ “SAMRUK-KAZYNA CONSTRUCTION” ҰЖЫМЫ ҚОНАҚТА.

🎼Музыка, эмоция, шығармашылық-бәрі осы кеште тоғысты!

🪕🪗 🔹 Кештің басты қонағы – мектебіміздің негізін қалаған “SAMRUK-KAZYNA CONSTRUCTION ” ұжымы.

🔹 Күй, джаз, классика – бәрі бір сахнада!
🔹 Оқушыларымыздың керемет өнері мен ерекше атмосфера.

🎻 Жайлы мектебімізде ерекше концерттік бағдарлама өтті!
Жас таланттарымыз түрлі аспаптарда шебер ойнап, көрермендерді өз өнерімен таңғалдырды. Кеш барысында “SARYN” мектепшілік оркестры музыка аспаптарымен оның ішінде: қазақ рухын тербеткен күй -домбыра, нәзік әуен мен сезімнің симфониясы -пианино, көңілді ырғақ пен әуездің үйлесімі-баян, көне заманның сырлы әуені -сазсырнай, ерлік пен рухтың үні-дауылпаз, дала төсін дүрсілдеткен ырғақ-тұяқ, ұлттық саз аспабы-асатаяқ аспаптарымен өнер көрсетті. Сонымен қатар, “АЙЯ” би тобы да өз өнерлерін ортаға салып “ҚАЗАҚ РУХЫ” және “ТУҒАН ЖЕР” атты билерін билеп, қонақтарымыздың патриоттық рухтарын көтерді.

💫Жайлы мектеп атынан “SAMRUK-KAZYNA CONSTRUCTION ” ұжымына және басшысы Айманбетов Маулен Зарлықұлына ерекше алғысымызды білдіреміз! 🙌 Сіздердің қолдауларыңыз – балаларымыздың жарқын болашағына қосылған үлкен үлес! 💙

#ЖайлыМектеп #ӨнерФестивалі #SAMRUKKAZYNA #МузыкаРуханияты

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *