🌍📚 ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР – БІЗДІҢ МЕКТЕПТЕ! 📚🌍
✨Бүгін Жайлы мектебіміздің базасында облыстық география пәні мұғалімдеріне арналған «География пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы тапсырмаларды орындаудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында ауқымды семинар-практикум өтті!
🔹 Семинардың басты мақсаты – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды тиімді ұйымдастыру.
🔹 Формат: Онлайн және оффлайн.
🔹 Семинар барысында:
✅ «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектебіміздің жұмысымен таныстыру;
✅ Қызықты «Карта-Квест» семинар-тренинг;
✅ «Ашық сабақтар шеруі» – үздік педагогикалық тәжірибелер;
✅ PISA тапсырмаларын орындау әдістеріне арналған шебер-сыныптар;
✅ Географияда цифрлық білім беру георесурстарын қолдану ерекшеліктері;
✅ География сабағында рефлексияны тиімді пайдалану тренингі.
📢 Семинар тәжірибе алмасу алаңына айналып, мұғалімдер өзара үздік әдістемелік тәсілдермен бөлісті.
Біз үшін бұл шараны мектебімізде өткізу – үлкен мақтаныш! Жайлы мектебіміз мұғалімдер мен оқушылардың сапалы білім алуына әрдайым қолдау көрсетеді.
#ГеографияСеминары #ЖайлыМектеп #PISA #290Мектеп #ТәжірибеАлмасу
