*DEFILÉ | Ұлттық сән мен салтанат ✨🇰🇿*
🎉 Жайлы мектебімізде мәдениеттану және спорт секцияларының онкүндігі аясында “DEFILÉ” сән көрсетілімі өтті! Бұл ерекше шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды насихаттау.
👗🧥 Мектебіміздің оқушылары сән көрсетіліміне өздерінің қазақы киімдерін киіп қатысып, ата-бабамыздан қалған дәстүрлі үлгілерді паш етті. Көздің жауын алатын ою-өрнектер, ұлттық нақыштағы киімдер – барлығы көрермендерді таңдай қақтырып, ерекше әсер қалдырды. 💫
Осындай сән көрсетілімдері арқылы біз ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыруға атсалысамыз. 💖 Барша қатысушыларға алғысымыз шексіз!
#ҰлттықҚұндылық #Дәстүр #ЖайлыМектебі #DEFILÉ #СәнЖәнеМұра
