🎨✨ ЖАЙЛЫ МЕКТЕБІМІЗДЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ДӘРІПТЕЛДІ! ✨🎨
🏫 Жайлы мектебімізде ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Халық мұрасы – ұлт қазынасы» атты қалалық семинар өтті. Бұл шарада оқушылар халқымыздың мәдени мұрасын танып, ұлттық өнердің мән-маңызын түсінуге мүмкіндік алды.
🎭 ӨНЕР МЕН ӨНЕРПАЗДАР ТОҒЫСҚАН ШАРА 🎭
Семинар аясында «Ұлттық сән көрсетілімі», түрлі шеберлік сабақтары және шығармашылық көрме ұйымдастырылды. 🧵🪡 Оқушылар мен ұстаздар кілем тоқу, лазерлік құрылғымен көркем бұйым жасау, «Resinart» техникасы, гобелен тоқу, мойыншақтан аксессуарлар әзірлеу, жүннен сәндік бұйым жасау сияқты ұлттық өнер түрлерін үйреніп, өз қолөнер туындыларын дайындады.
🏆 ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ! 🎖️
Қатысушылар ұлттық өнерге деген шынайы қызығушылықтарын танытып, өз шығармашылықтарын көрсетті. 💫 Шеберлік пен ізденістің нәтижесінде ерекше көзге түскен оқушылар марапатталып, ұлттық мұраны жаңғыртуға қосқан үлестері үшін алғыс хаттармен марапатталды. 📜👏
📚 ЖАЙЛЫ МЕКТЕП – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖАРҚЫН ЖОЛ 🌟
Білім мен өнер қатар өрілген жайлы мектебімізде 🏫 ұлттық мұра ұлықталып, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 🎶🎨 Мұндай шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, өнер мен білімді ұштастыруға және жас ұрпақтың бойына халқымыздың мәдени мұрасын сіңіруге зор мүмкіндік береді. 💖
✅ Ұлттық мұра – ұлт болашағының алтын діңгегі! 🏆✨
