“КРИМИНАЛИСТИКАҒА ҚАДАМ: БОЛАШАҚ ҒАЛЫМДАР МЕН ЗАҢ ҚОРҒАУШЫЛАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ”
Жайлы мектебіміздің “БИОКВАНТУМ” инженерлік сыныбының оқушылары үшін ерекше әрі мазмұнды күн болды. Арнайы қонақ ретінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисті, полиция майоры Райханов Ильяс Алибиевич келіп, оқушылармен “Криминалистика” тақырыбында танымдық дәріс өткізіп, өз кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Дәріс барысында оқушылар криминалистиканың нақты құралдары мен әдістерін көріп, оларды қолдану жолдарын үйренді. Тіпті, 7-сынып оқушысы Дильназбен бірге Ильяс Алибиевич арнайы тәжірибелік бөлім ұйымдастырып, нақты тергеу әрекеттерін шынайы форматта көрсетті. Саусақ іздерін анықтау, дәлелдерді зерттеу және қылмыс орнын модельдеу сынды әдістер оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, бұл салаға деген ықыласын арттыра түсті.
Райханов Ильяс Алибиевич — өз саласының үздігі:
•2022 жылғы ҚР ІІМ “Үздік криминалист” атағының иегері,
•2024 жылы “Сыр полициясы-2024” байқауының жеңімпазы,
•“Егемен ел патриоты” номинациясының иегері.
Оқушылардың ғылым мен құқық саласына деген қызығушылығын арттыруда осындай кездесулердің маңызы зор. Бұл кездесуде оқушылар ерте кәсіби бағдар алып, “Биоквантум” зертханасында алған білімдері арқылы болашақта Құқық қорғау органдарында жұмыс жасауға болатындығына көз жеткізді. Біз қонағымызға құнды тәжірибесі мен шабыттандыратын дәрісі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!
Жайлы мектебі – білім мен болашақтың тоғысқан ордасы!
#ЖайлыМектебі
#Биоквантум
#Криминалистика
#КәсібиКездесу
#ІшкіІстерМинистрлігі
#ПолицияменСабақ
#ҮздікКриминалист
#СырПолициясы2024
#ЕгеменЕлПатриоты
#ОқушыларҒылымда
#БолашақМамандық
#ИнженерлікСынып
#ТәжірибелікСабақ
#ОқушыларғаШабыт
#кадровыйрезерв
