🌸 “ШУАҒЫҢДА ӘЛЕМ ЖАРҚЫРАЙДЫ” 🌞
Жайлы мектебінде 6-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған ерекше мерекелік концерт өтті! 🎉💐
🎤 Оқушылар аналар мен ұстаздарға арнап жүрекжарды әндер орындап, мәнерлі өлеңдер оқыды.
💃 Көңілді билер билеп, көрермендердің көңілінен шықты.
💖 Ал ең бастысы – нәзік жандыларға деген шынайы құрмет пен жылы лебіздер, алғысқа толы жүрек сөздері айтылды.
🌿 Аналар мен арулардың жүзіне күлкі, жүректеріне жылу сыйлай алғанымыз – біз үшін үлкен қуаныш! 🌞
✨ Барша аналар мен қыз-келіншектерді көктемнің ең керемет мерекесімен құттықтаймыз! Сіздер – өмірдің шуағы, мейірімнің бастауысыздар! ❤️🌷
#8Наурыз #ШуақТаратқанКүн #ЖайлыМектебі #АнағаМахаббат 💖
