👑✨ “ҚЫЗ – ЕРКЕМ, ҚЫЛЫҒЫМЕН КӨРКЕМ” 💐 ✨
Жайлы мектебінде 8-сыныптар арасында “Көктем аруы – 2025” байқауы өтті! 🌸🌿
Бұл кеш сұлу да өнерлі арулардың шынайы сұлулығы мен талантын паш еткен әсерлі кешке айналды. 💃✨ Қатысушылар бірнеше кезең бойынша өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді тәнті етті:
🌟 Өзін таныстыру – арулар өздерінің ерекше қырларымен бөлісті.
🎭 Шығармашылық сайыс – ән айтып, би билеп, өнерлерін ортаға салды.
🥗 Көктемгі салат жасау – қатысушылар дәруменге бай, дәмді салат дайындап, аспаздық шеберліктерін көрсетті.
🧠 Сұрақ-жауап кезеңі – білім мен тапқырлық сынға түсті.
Жарысқа қатысқан барлық арулар өздерінің сымбатымен ғана емес, өнері мен шеберлігімен де көпшіліктің жүрегін жаулап алды. 💖 Көктем аруы – 2025 атағына лайықты жеңімпаз анықталып, қатысушылар арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды. 🏆🎀
🌷 Барлық аруларымызды көктемнің шуағындай сұлулығымен, ақыл-парасатымен жарқырай беруін тілейміз! 💕
#КөктемАруы2025 #ҚызЕркем #ЖайлыМектебі #СұлулықЖәнеӨнер 💃✨
