Skip to content

📚✨ КІТАПТАР ҚҰПИЯСЫ ✨📚 ✨Жайлы мектебімізде мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 7-сынып…

📚✨ КІТАПТАР ҚҰПИЯСЫ ✨📚

✨Жайлы мектебімізде мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 7-сынып оқушылары арасында “Кітаптар құпиясы” атты тақырыпта ерекше әдеби танымдық сайыс өтті! 📖

⚜️Бұл сайыста оқушылар кітап әлемінің қызықты қырларына үңіліп, өз білімдерін сынады. Интеллектуалды сұрақтар, шығармашылық тапсырмалар мен көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыруға арналған викториналар қатысушыларды шабыттандырды.

📖 Білімге құштар жастарымыздың ізденісі мен тапқырлығы таңқалдырды! Жеңімпаздар марапатталып, ерекше әсерге бөленді.

⚜️📝Кітап – адамзаттың рухани қазынасы! Осындай шаралар оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейтетіні сөзсіз.

#КітаптарҚұпиясы #ЖайлыМектебі #ӘдебиСайыс #БілімКілті

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *