Skip to content

🚀 “КВАНТОРИУМ” ИНЖЕНЕРЛІК МЕКТЕБІ – БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕРГЕ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ! 🌟…

🚀 “КВАНТОРИУМ” ИНЖЕНЕРЛІК МЕКТЕБІ – БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕРГЕ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ!
🌟 Болашақ бүгіннен басталады!
✨ “Кванториум” – армандарды шындыққа айналдыратын мекен!
Қызылорданың сол жағалауындағы Жайлы мектебімізде заманауи технологиялар мен шығармашылықтың тоғысқан кеңістігі – “КВАНТОРИУМ” инженерлік мектебінің пилоттық жобасы іске қосылды!

♦️ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ:
Оқушыларға ерте кәсіби бағдар беру және инженерлік сыныптарда оқытуды ұйымдастыру.

🔧 Бұл – оқушыларды ерте жастан кәсіби бағдарлап,
💡 Инженерлік-техникалық бағыттарға қызығушылығын арттырып,
🤖 Инновациялық технологияларды меңгеруге жол ашатын алаң.

🔹Жайлы мектебімізде кәсіби бағдар жүргізу мен рекрутингті ұйымдастыру – оқушылардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына көмектесетін маңызды процесс. Бұл жоба оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтап, мамандықты дұрыс таңдауға бағытталады.

♦️Инженерлік мектебіміздің бағыттары

– “Биоквантум” зертханасы
– “Наноквантум” зертханасы
– “Робоквантум” зертханасы
– “Аэроквантум” зертханасы
– “Лазерквантум” шеберханасы
– “Өндірістік дизайн” шеберханасы
– “Бір қазан” кулинарлық шеберханасы
– “Оймақ” тігін шеберханасы

📊 НӘТИЖЕ:
Жоба іске қосылған сәттен бастап:

🔹 Оқушылар түрлі бағыттарда өз қабілеттерін сынап көрді;
🔹 STEM және шығармашылық бағыттарда алғашқы жобаларын жүзеге асыруда;
🔹 Тігін, мүсіндеу, робототехника, 3D модельдеу сынды бағыттарда белсенділік артып,
🔹 Жобалар саны күн санап көбейіп келеді!

🎯 АЛДАҒЫ МАҚСАТТАР:
🔸 Колледждер және ЖОО-мен серіктестік орнатып, тәжірибелік сабақтар өткізу
🔸 Республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, оқушылардың жобаларын ілгерілету
🔸 Шығармашылық пен техниканы үйлестірген универсал тұлғаларды қалыптастыру!

“Кванториум” – бұл жай ғана сабақ емес, бұл – жасап көру, жаңашылдыққа қадам, болашаққа бетбұрыс!

📍 Жайлы мектеп оқушылары – болашақ инженерлер, өнертапқыштар және жаңалық ашушылар!

#ЖайлыМектеп #Кванториум2025 #STEMбілім #ИнновациялықМектеп #Шабыт #ИнженерлікБілім #БолашақБүгінненБасталады #инженерлікмектеп

#Инженерликмектеп
#Ертекасиптикбагдар
#Робоквантумзертханасындагыинженерликсыныпжумысы

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *