ҚЫЗДАР ҚАЙСАРЛЫҒЫ – ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕДІ!
⚽️ “Былғары доп” Ұлттық мектеп лигасының қалалық кезеңінде 9-11 сынып қыздарымыз жойқын жігермен өнер көрсетіп, №290 орта мектептің футбол командасы жүлделі II орынды иеленді!
✨ Команданың намысын қорғаған қайсар қыздарға алғысымыз шексіз!
Ал, қорғаныста қамалдай берік ойынымен көзге түскен Серік Сымбат – “Үздік қорғаушы” атанды!
Мықты дайындық пен ауызбіршіліктің жемісі – жеңіс!
Жетекшісі: Батыр Мұхаммедали – сізге де үлкен алғыс!
Біз сендерді мақтан тұтамыз!
Жаңа биіктерге бірге ұмтылайық!
#ҚыздарФутболы #БылғарыДоп2025 #290мектеп #ЖеңісРухы #МектепПатриоттары


