Skip to content

“КВАНТОРИУМ” ИНЖЕНЕРЛІК МЕКТЕБІ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА “ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА ” ОРАЙ…

“КВАНТОРИУМ” ИНЖЕНЕРЛІК МЕКТЕБІ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА “ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА ” ОРАЙ КӘСІБИ БАҒДАР КҮНІ ӨТТІ!

Жайлы мектебімізде оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру және болашақта дұрыс мамандық таңдауына ықпал ету мақсатында ерекше іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға түрлі бағыттағы колледждердің тәжірибелі оқытушылары мен белсенді студенттері қатысып, өздерінің білім жолындағы ізденістері мен жетістіктерін таныстырды. Олар болашақ мамандықтардың қыр-сырын ашып, заманауи жұмысшы мамандықтарының қоғам үшін маңыздылығын жан-жақты түсіндірді.

Іс-шараға қатысқан колледждер:
🏫 И. Әбдікәрімов атындағы политехникалық жоғары колледж
🏫 Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледж
🏫 Мұрат Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі
🏫 С. Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжі
🏫 “Абылай хан” атындағы жоғары колледж
🏫 “ORDA” жоғары колледжі
🏫 “М. Ықсанов” атындағы Қызылорда техникалық-IT жоғары колледжі

Шақырылған қонақтар колледждерде оқытылатын мамандықтар, білім беру бағдарламалары, тәжірибелік оқу мүмкіндіктері және болашақтағы жұмысқа орналасу перспективалары туралы терең мағлұмат берді.
Әр мамандықтың қыр-сыры мен ерекшеліктерін ашып көрсету оқушыларымыздың үлкен қызығушылығын оятты.

Оқушылар ұсынылған іс-тәжірибелерді көзбен көріп, өздерін болашақ маман ретінде елестетуге мүмкіндік алды ✨. Әрбір шеберлік сағаты, таныстырылымдар мен көріністер олардың жүрегінде ерекше әсер қалдырып, кәсіби бағдар бойынша дұрыс шешім қабылдауына түрткі болды ✅.

Іс-шара барысында оқушылар сұрақтарын қойып, колледж өкілдерімен ашық пікір алмасып, қажетті ақпараттарға қанықты.
Бұл кездесу олардың тұлғалық дамуына, өз болашағын саналы түрде жоспарлауға үлкен серпін берді!

Кәсіби бағдар беру — әр оқушының болашағы үшін салынатын берік негіз!
Болашақты бүгіннен бастап дұрыс жоспарлайық!

#ЖайлыМектеп #Кванториум #ЖұмысшыМамандықтарЖылы #КәсібиБағдар #БолашаққаБағдар ✨

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *