“ҚЫЗ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ”
Зорлық-зомбылықтың алдын алу және қыз бала тәрбиесі жөніндегі кездесу
Жайлы мектебімізде нәзік жанды оқушыларымыздың бойына өз құндылығын, қауіпсіз өмір сүру мәдениетін және адам құқықтары туралы түсінікті тереңдету мақсатында
“ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ” және
“ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ” тақырыптарында мазмұнды кездесу өтті.
Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар:
– Қызылорда ҚПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ-ры полиция аға лейтенанты Примжарова Фариза,
– Қызылорда ҚПБ ЖПҚБ Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Ерболат Айгерім,
– Облыстық Жастар денсаулық орталығының маманы Жандосова,
– Қалалық жастар ресурстық орталығының өкілдері Шүкірбаева Нұрсая мен Сейілханова Аружан өз тәжірибелерімен бөлісті.
Шара барысында:
✔️Зорлық-зомбылықтың алдын алу
✔️ Ерте жүктіліктің алдын алу
✔️ Жыныстық қол сұғушылықтың салдары мен оны болдырмау жолдары
✔️ Қыз баланың қоғамдағы рөлі мен құқықтық сауаттылығы тақырыптары кеңінен қамтылды.
Қыздарымыз көкейдегі сұрақтарын қойып, болашаққа сеніммен қарауға мотивация алды.
Әр қыз – болашақ Ана! Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі!
Қыздың күлімдегені – елдің тыныштығы.
Сіз де жан-жағыңыздағы нәзік жандарға жан жылуын сыйлаңыз!
#ЖайлыМектеп
#ҚызТәрбиесі
#ЗорлықЗомбылыққаЖолЖоқ
#Қызылорда
#ҚауіпсізМектеп
#ЖастарДенсаулығы
#ЖастарОрталығы
#ЕртеЖүктіліктіңАлдынАлу
#ЖыныстықҚолСұғушылыққаЖолЖоқ
#біртұтастәрбие
