МҮСІНДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – шығармашылық пен инженерияның тоғысы!
Бүгін инженерлік сыныптағы оқушылар мүсіндеу технологиясын жетілдіріп, өз қолдарымен ерекше жобалар жасады. Бұл тек өнер емес – бұл материалмен жұмыс істеу, кеңістіктік ойлау, дәлдік пен шыдамдылықты талап ететін нағыз инженерлік тәжірибе!
Мақсатымыз – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, сонымен қатар оларды инженерия мен технология әлеміне жақындату. Әрбір мүсін — жас өнертапқыштың идеясы мен еңбегінің жемісі!
Бұл үйірме тек өнерді үйрету емес — ерте кәсіби бағдар берудің нақты үлгісі. Балалар өз қызығушылықтарын байқап, болашақ мамандығына алғашқы қадам жасап жатыр.
#ЖайлыМектебі #ӨндірістікДизайн #МүсіндеуТехнологиясы #ЕртеКәсібиБағдар #ШығармашылықСабақ #ОқушыШығармашылығы
#кадровыйрезерв
