Skip to content

🇰🇿 4 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ 🇰🇿…

🇰🇿 4 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ 🇰🇿

Бүгін Жайлы мектебіміздің Жазғы инженерлік тынығу лагерінде ерекше рухты, тәрбиелік мәні зор тағылымды іс-шара аталып өтті. Балаларға мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасы мен тарихы жайында кеңінен мәлімет берілді.

🔸 Шара аясында:
•Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның авторлары туралы бейнематериал көрсетілді;
•Оқушылар әнұранды орындап, рәміздерге құрмет көрсетті;
•«Менің рәміздерім – менің мақтанышым!» тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылды;
•Патриоттық өлеңдер оқылып, викториналық сұрақтар арқылы білімдері сыналды.

🔹 Бұл күн балаларға отаншылдық, жауапкершілік және бірлік ұғымдарының қадірін ұғынуға мүмкіндік берді. Жас буын жүрегінде туған елге деген мақтаныш пен сүйіспеншілік оты тұтанды.

🇰🇿 Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің белгісі, ұлттық бірлігіміздің нышаны!

#ЖайлыМектебі
#Жаз2025
#РәміздерКүні
#ОтанымҚазақЕлі
#ПатриоттықТәрбие
#МемлекеттікРәміздер
#БалаларЖазғыЛагері

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *